АЯГӨЗ: ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Абай облысының бірнеше аумағында төтенше жағдай жарияланды. Ақ түтек боран салдарынан бірнеше республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдар жабылды. Көлік қозғалысына шектеу қойылды. Аягөз ауданының аумағында 100 ге жуық адам жолда қалып қойды. Оларға шұғыл көмек көрсетіліп Аягөздегі мектеп-интернатқа орналастырылды. Суықта жаурап қалған тұрғындарды “ Зекет және қайырымдылық” қоры мен Аягөз жастары ыстық тамақпен қамтыды. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шекпеу үшін, ТЖД мамандарының хабарламаларына құлақ асқан жөн. Ауа-райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпаған абзал.