СЕМЕЙДЕ 50-ГЕ ЖУЫҚ АВТОКӨЛІК “ТЕГІН ТАКСИ” ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Таңертең жұмысына асыққан адам үшін тегін такси күтпеген сый болғаны анық. Бүгін Семейде осындай қайырымдылық шарасы өтті. 50 ге жуық волонтер көлігімен көшеде тоңып тұрған адамдарды межелі жерге жеткізіп тастады. “Тегін такси” акциясын «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырды. “ Жылу сыйла” акциясы аясында өткен қайырымдылық шарасы халықтың қиын күнде бір-біріне қол ұшын созуға дайын екенін көрсеткендей. Күн суытқанымен мейірімді жандардың әрекеті көпшіліктің көңіліне жылу сыйлады.