“ДАЛАҢБАЙ АТА” МЕШІТІНДЕ АСЫҚ АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Семейдегі “Далаңбай ата” мешітінде балалар мен жасөспірімдер арасында асық атудан жарыс өтті. Сайыс ислам және дәстүр құндылығы жылы аясында ұйымдастырылды. Мешіт ұжымы мен жастар ісі секторы бірлесіп ұйымдастырған шараға 20 дан астам бала қатысты. Сақасын салмақтап, сынға түскендер арасында ең кішісі 4 жаста болды.