АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІ 2500-ДЕН АСТАМ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт күнінде  еліміз бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Үйлестіру жұмыстарына бекітілген ҚМДБ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобының мәліметі бойынша Құрбан айттың алғашқы күні Абай облысы бойынша 31 ірі қара, 618 қой, 22 ешкі құрбандыққа шалынып, 1551 мұқтаж отбасыға ет таратылса, екінші күні онлайн форматта 45 қой, офлайн форматта 258 қой сойылды және онлайн форматта 11 ешкі, офлайн форматта 14 ешкі, ірі қара малдан 51 бас сойылды. Құрбандық еттері 990 мұқтаж отбасыға және 8 мекемеге берілді.

Облыс  бойынша qurban.muftyat.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді. Уәкілдік құрбандыққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтермен жеке жұмыс жасалып, мамандарымыз тиісті жауаптарын берді. Сұрақтар толығымен қанағаттандырылды.